Хабарландыру

Хабарландыру

Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған

 №30 мектеп-гимназиясы коммунналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға мына пәндер бойынша педагог қызметкерлерді тағайындау үшін конкурс жариялайды:

1.Информатика (қазақ және орыс сыныптарына)

2.Математика (орыс сыныптарына)

3.Бастауыш сыныбы (орыс сыныбына)

4.Орыс тілі мен әдебиеті

5.Ағылшын тілі

6.Физика (Орыс сыныбына)

7.Дене тәрбиесі (орыс сыныбына)

8.Өзін-өзі тану (орыс сыныбына)

9.Химия ( орыс сыныбына)

    Конкурс құжаттары төмендегі тізім бойынша 2021жылдың 16-21 тамыз аралығында қабылданады.

Тізімі:

1.Өтініш ;

2.Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін );

3.Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4.Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5.Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

6.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

  1. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
  2. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  3. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  4. соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

11.Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың,педагог-сарапшының,педагог-зерттеушінің ,педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.

Көрсетілген міндетті құжаттардың  біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа www.enbek.kz веб-сайтында тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған мұғалімдер қатысады. Үміткерлер конкурсқа қатысу шығыстарын өз қаражат есебінен жүргізеді.

Мектеп әкімшілігі


Жарияланды: 16.08.202109:51

Автор: